Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илон Маск адамдарды чиптеу үшін жасалған арнайы құрылғыны ұсынбақ

28 тамызда SpaceX пен Tesla-ның бас директоры Илон Маск серіктестерінің бірі болып табылатын Neuralink компаниясымен іс-шара өткізеді. Бұрын хабарланғандай, ауыр ми жарақаттарымен ауыратын адамдарға көмектесуге арналған "ми-машина" құрылғысының интерфейсінің тұсаукесері болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Илон Маск

Маск Twitter-де алдағы іс-шараның кейбір егжей-тегжейлерімен бөлісті. Ол іс-шара сағат 15:00-де басталады (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түнгі 01:00) "жұмыс істейтін Neuralink құрылғысын" көрсетеді деп уәде берді.

Өткен жылы Neuralink өзінің жаңа технологиясын таныстырды. Науқастың құлағының артына бекітілген қабылдағыш капсуламен байланысқан жіп тәрізді электродтарды адамның миына терең ендіреді. Құрылғы ми сигналдарын Bluetooth арқылы таратуға қабілетті, сол арқылы компьютермен басқаруға немесе олардың ми белсенділігін бақылауға мүмкіндік береді.

Масктың айтуынша, технология маймылдарда сәтті сыналған және имплантацияланған электродтары бар маймылдың миын "компьютермен басқаруға болады".

Маск компания ұсынатын технология осы уақытқа дейін көргенімізбен салыстырғанда "таңғажайып" болады деп уәде етеді.

"Қорқытқым келмейді, бірақ бұл құрылғы ми мен оның қозғалтқыш функциясын қалпына келтіруге шынымен көмектеседі", - деп жазды ол жыл басында твиттерде.

Талқылау