Илон Маск Марс үшін бүкіл дүние-мүлкін сатуға шешім қабылдады
Кәсіпкер әрі Tesla бас директоры Илон Маск мүлкін сатуға шешім қабылдады. Инженер мұндай қадам Марста автономды қала салу ниетінің маңыздылығын күшейтеді деп санайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Business Insider-ге сілтеме жасап.
"Іс жүзінде менде қаржылық тұрғыдан алғанда компанияның акцияларынан басқа құнды ештеңе болмайды", - деді миллиардер.
- Илон Маск әлемдегі ең бай адамға айналды
- Илон Маск адамдарды чиптеу үшін жасалған арнайы құрылғыны ұсынбақ
Маск үйсіз қалатынын атап өтті. Кәсіпкер қарбалас күндері фабрикада немесе кеңседе түнегенді құп көреді. Ал отбасы мен балаларына келетін болсақ, олар үшін баспана жалдау орынды деп санайды. Кәсіпкердің айтуынша, "қызыл планетада" қала салу үшін көптеген ресурс қажет.
"Менің ойымша, адамзат үшін ғарыштық өркениетке және планетааралық түрге айналу маңызды", - деп толықтырды Маск.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”