Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ Астанада түрмеден қашып кеткен қылмыскердің суретін жариялады

ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Астанада түрмеден қашып кеткен қылмыскердің суретін жариялады. Сондай-ақ, ер адам туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.

«Е.Арғымбаев 1985 жылы дүниеге келген. Қарағанды облысы Нұра ауданы Киев елді-мекенінің тумасы. Бұған дейін ҚР ҚК 251, 120 және 188-баптары бойынша сотталған. Ұлты – қазақ. Өзімен бірге ақшасы және құжаты жоқ. Үстіне көк түсті бушлат, басына қара бас киім киген», – деп жазылған Қылмыстық атқару жүйесі таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Астанада тергеу изоляторынан аса қауіпті қылмыскер қашып кетті. Қазақстан ІІМ мәліметі бойынша, ер адам ғимараттың бір қабатты корпусының жанындағы серуендеуге арналған алаңнан қашып кеткен екен.

Қазіргі уақытта полицейлер қылмыскерді іздестіріп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Мөлдір Әуелбекова: Маған өздері тиіспесе, мен ешкімге тиіспеймін

Төреғали Төреәлі қажылыққа аттанды

Сәкен Майғазиев: Көлігімді сатпаймын, концертіме демеушілер табылды

Анасын тербетіп, жылы сөздерін аямаған Қайрат Нұртастың інісі жұртты сүйсіндірді (видео)

Талқылау