"Хюррем сұлтан болып жүр": Гүлзира Айдарбекова тойдағы образын көрсетті
Танымал өнерлі отбасы Айдарбековтер әулетіне келін түсті. Нұртас пен Гүлзира кенже ұлдарын үйлендіріп, той жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Заңғар Индира есімді қызбен екінші рет шаңырақ көтерді. Ұлан-асыр тойды бастан-аяқ күйеу жігіттің анасы желіге жүктеп отырды.
“Бұл той өзгеше стильде өтіп жатыр. Жан-жақтан түгел ағайын-туыс жиналды. Қуанғанымыздан қатты толқып жүрміз. Әкесі де қатты уайымдады. Ендігі тілегім – балаларымның бақытты болуы. Тойға өте көп қонақ келді деп айттым ғой, солар үйлеріне аман-есен жетіп алса екен” деп тілеймін. Басымыз тек жақсы күндерде кездессін”, –деп ақжарма тілегін айтты.
Сондай-ақ тойдағы керемет сыйлықтарды қонақтар жарыса талқылап жатыр.
Тойдың жақсы өтуіне қонақтардың белсенділігі де маңызды. Той барысында ойынға шыққан қонақтарымызға бағалы сыйлық сыйладық. Ең құндысы – соңғы үлгідегі айфон телефоны. Кімге қандай сыйлық беріп қуантсам, өзіме де сондай сыйлық кеп жатыр. Әрбір әйел сыйлық үшін қатты қуанады. Айнұр сіңлім қымбат сөмке сыйлады. Шымкенттегі сіңлім Италиядан арнайы көйлек алдыртты. Құдағайларым қымбат тастармен көмкерген бриллиант жиынтық берді. Бір тойда 15 шақты бриллиантқа ие болдым”, – деп мақтанды продюсер.
Той иесінің образы қонақтардың есінде қалды. “Хюррем сұлтан болып жүрсің” деген теңеу өте көп жазылып жатыр.
Еске салайық, Айдарбековтер әулетіндегі тойға шақырылған қонақтардың тең жартысы сыймай қалғанын жазған болатынбыз.