Хоккейден әлем чемпиондары белгілі болды
Хоккейден әлем кубогының финалында Канада командасы Финляндияны жеңді. Ригадағы кездесу 3:2 есебімен аяқталды. Канада осымен 27-ші рет әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ойындағы голдарды соқты: Комтуа (24), Генрик (52), Пол (овертайм) – Руохомаа (8), Линдбох (45).
Еске сала кетейік, хоккейден әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне Қазақстан құрамасы өте алмады.
Дегенмен, топтық кезең аясында Қазақстан құрамасы бірнеше сенсациялық жеңістерге жетті. Латвия, Финляндия және Германия сынды үздіктерді тізе бүктірді. Сонымен қатар Италия қақпасына 11 шайба салып, соғылған голдар саны бойынша рекорд орнатты.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді