Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хиджаб киюге мәжбүрлемейді: Талибан басшысы енді ауған әйелдерінің құқығы қорғалатынын мәлімдеді

"Талибанның" жоғарғы көшбасшысы Хайбатулла Ахундзада Ауғанстанстанның әйелдеріне "еркін адам" мәртебесін қайтаратынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Khorasan diary порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Талибан жетекшісінің айтуынша, Талибан режимі ауған әйелдерін енді дәстүрді желеу етіп, қыспаққа алмайды.

"Талибан" режимі "әйелдердің еркін мәртебесін және олардың неке, мұрагерлік және басқа да құқықтарын қамтамасыз ету міндетін қалпына келтірді.

"Ислам әмірлігі кезінде әйелдерді көптеген дәстүрлі қысымнан, соның ішінде мәжбүрлі түрде некелестіруден құтқару үшін нақты шаралар қабылданды және олардың шариғаттағы құқықтары қорғау мәселесі көтерілді. Сонымен қатар әйелдердің қоғамның жартысы ретіндегі жағдайын жақсарту, оларға ислам шариғатына сәйкес жайлы және гүлденген өмір сыйлау үшін қажетті қадамдар жасалды", – делінген Ахундзаданың Құрбан айт мерекесіне арналған құттықтау хабарламасында.

Хабарлама бес тілде таратылды: араб, дари, ағылшын, пушту және урду. Ахундзада әйелдерге хиджаб киюге міндеттеу сынды ережелер жойылатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Ауғанстанда билікке келген талибандар әйелдердің құқықтарын сақтауға уәде беріп, олардың қауіпсіздігіне кепілдік берді. Алайда әйелдерді өлтіру туралы хабарламалар пайда бола бастады. Содан кейін әйелдерге спортпен шұғылдануға тыйым салынды, ер адамдардан бөлек оқуға мәжбүр болды, Кабул университетінде сабақ беруге және оқуға уақытша тыйым салынды. Әрі оларға жұмыс істеуге де тыйым қойылған еді. Сонымен қатар Талибан Ауғанстандағы әйелдерді хиджаб киюге міндеттеді. Тіпті оларға ойын-сауық орындары мен саябақтарда жүруге болмайды деген заң шықты. 

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 26 Маусым, 2023 07:37