ХАМАС жойылмайынша, бейбітшілік орнамайды – Израиль
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС жойылмайынша, бейбітшілік орнамайтынын айтты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нетаньяху Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронмен кездесуінде Газа секторындағы палестиналық ХАМАС қозғалысына қарсы әскери операциясын жалғастырып жатқанын айтты.
"Біз соғыстағы өз мақсаттарымызға жету үшін ХАМАС-ты жоюды жалғастырамыз. Өйткені ХАМАС та дәл осылай жасайды. Олар – геноцид жасауды мақсат тұтатын секта", – деді ол.
22 қарашада Израиль қорғаныс күштерінің баспасөз хатшысы Авичаи Эдри Израиль әскерилері Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнис қаласында Астана уақыты бойынша сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін соғысты тоқтатқанын хабарлады. Екі ел уақытша келісімге келді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"