ХАМАС террористік ұйымдардың қатарына жатқызыла ма - Сыртқы істер министрлігі жауап берді
Сыртқы істер министрлігі ХАМАС-ты террористік ұйымдардың қатарына жатқызу мәселесіне қатысты жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналистер министрліктен ХАМАС-ты террорлық ұйым қатарына жатқыза ма деп сұрады.
"Бұл мәселені тиісті орган, яғни бас прокуратура шешеді. Бейбіт тұрғындарға зардабын тигізген Палестина-Израиль қақтығысына қатысты тараптарды жағдайды бейбіт жолмен шешуге және екі мемлекет арасында ғана емес, жалпы Таяу Шығыста да жағдайдың одан әрі өршуіне әкелетін әрекеттер жасамауға шақырамыз", – деді Айбек Смадияров.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген