Halyk Bank-тің клиенттерге кеңес беретін қызметкерінен коронавирус анықталды
Алматыдағы Halyk Bank ғимараттарының бірінде консультациялық қызмет көрсететін сыртқы ұйымның қызметкерінен коронавирус табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Біз көпшілікке COVID-19 коронавирус жұқпасының анықталған жағдайларының бірі банк ғимараттарының бірінде консультациялық қызмет көрсететін сыртқы ұйымның қызметкеріне тиесілі екені туралы хабарлауды қажет деп санаймыз", - делінген банктің баспасөз хабарламасында.
Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы жауап алгоритміне сәйкес, науқас, сондай-ақ онымен байланысқан барлық қызметкерлер қазіргі уақытта оқшауланған және карантинге жатқызылған.
"Банк қазірдің өзінде клиенттер мен қызметкерлер денсаулығының барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған теңдессіз шаралар қабылдады. Кеңселік үй-жайлар мен бөлімшелерді үнемі санитарлық тазарту жүргізіледі. Банк бөлімшелері мен банкоматтар әдеттегі тәртіпте жұмыс істейді, барлық операциялар клиенттерге қолжетімді", - деп атап өтті Halyk Bank.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 9 адамнан коронавирус анықталды, оның 7-еуі Алматыда, екеуі Нұр-Сұлтанда тіркелді.
Еске сала кетейік, Ақмола облысының Ақкөл қаласында коронавирус жұқтырған елорда тұрғындары туралы жалған хабардың авторы және таратушысы анықталғаны хабарланды.

"Қанды Қаңтар" алдында газ бағасын көтеруді қолдаған мұнай сарапшысы тағы сынға қалды: Енді жолақыны қымбаттатуды ұсынды
