Ақмолада коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан екі әйел ұсталды
Ақмола облысының Ақкөл қаласында коронавирус жұқтырған елорда тұрғындары туралы жалған хабардың авторы және таратушысы анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстың полиция департаментінің хабарлауынша, күдіктілер коронавируспен ауырғандардың Ақкөл қаласына ауыстырылғаны туралы жалған ақпаратты жылдам таратқан.
"Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жалған хабар авторының жеке басы анықталды. Ол 48 жастағы Ақкөл қаласының тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ, күдіктінің туысы бұл жалған ақпаратты басқа топтар мен мессенджерлерде таратқаны үшін жауапқа тартылады", - деді ведомствода.
Екі әйелге қатысты ҚР ҚК-нің "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Шымкенттік әйел өзін күйеуі мен енесі ұрып-соғып, екі баласымен үйден қуып жібергенін айтты
Қазір әйел екі баласымен әпкесінің үйін паналап отыр