Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халықтың ақшасын қалтасына басып жатыр": Ақмола облысында жұмысшылар жаңбырлы күні асфальт төсеген (видео)

Ақмола облысы Степногорск қаласында мемлекет есебінен бір жылда жаңбырлы ауа райы кезінде бір жерге екі рет асфальт төселген. Жергілікті құзырлы органдар мен әкімдік бұл мәселе бойынша хабардар секілді. Алайда әкімдік ақпаратқа дереу жауап беріп, теріске шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еgovpress арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Еgovpress

"Біз Ақмола облысы Степногрск халқының жағдайын қатты уайымдап отырмыз. Өйткені бір жылда дәл сол бір жерге екінші рет асфальт төселіп жатыр. Соған қарағанда жергілікті әкімдік пен құқық қорғау мекемелері үлесті бөліп отырған секілді. Мұны басқаша түсіндіре алмаймыз. Халықтың ақшасын ысырап етіп, қалтасына басып жатқанға ұқсайды", – деді басылым.

Ал әкімдіктің баспасөз қызметі редакцияның ақпараты шындыққа жанаспайды деп түсіндірді.

"Степногорск тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының дерегінше, мердігермен 2 жыл мерзімге келісімшарт жасалған. Магистральдың осы учаскесінде жылу трассасы төселген. Бұдан кейін кәріз жүйесін жөндеуге байланысты дайындық жұмыстары 2023 жылдың қарашасында басталып кетті. Сондықтан асфальт-бетон жұмысын істеуге мүмкіндік болмады. Осылайша, мердігерлердің есебінен ені 6 метр болатын "салқын асфальттың" қабатын тегістеуге тура келді", – деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі көше қиылысындағы аумақта дайындық жүргізіліп жатқанын айтты.

"Бейбітшілік мен Серов көшесі қиылыстарындағы учаскеде асфальт-бетон жұмыстарына ешқандай ақы төленбеген. Биыл қала базарының аумағына асфальт төсеу жаңбыр жаумай тұрып басталды. Жаңбыр жауған кезде мердігердің төсеу жұмысы тоқтап қалды. Шамамен 20 шаршы метр жер учаскесі жаңбырдың басында жүргізілген мердігер есебінен қайта жөндеуден өтеді. Сондай-ақ Астанадан сағат 06:00-де жаңа асфальтқа тапсырыс берілгенін хабарлаймыз. Тапсырыс берілген сәттен бастап учаскеге келгенге дейінгі жалпы уақыт шамамен 5 сағатты қамтиды. Ауа райы қандай болатынын болжау қиын", – деп жауап берді әкімдік.



Еске салайық, бұған дейін "ҚазАвтоЖол" компаниясының Ресей шекарасы (Самара) – Шымкент тас жолының учаскесінде аптап ыстықтың салдарынан бетон плиталар жарылып кеткенін мәлімдеді. Жөндеуге 4 бірлік техника мен 10 адам жұмылдырылған.

 

Талқылау