Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халық кімді тыңдайтынын өзі шешеді": СІМ ресейлік өнер иесі Максим Галкиннің Қазақстандағы концертіне қатысты пікір білдірді

Сыртқы істер министрлігі ресейлік өнер иесі Максим Галкиннің концертін Қазақстан не себепті өткізбей отырғанына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Министрлік өкілі Айбек Смадияров брифинг барысында осы мәселеге қатысты журналистердің сұрағына жауап берді. БАҚ өкілі “әлеуметтік желіде ресейлік елшілік Қазақстан елшілігіне кейбір әртісті Қазақстанға жібермеу туралы ресми хат жолдаған деген ақпаратқа түсінік беруін сұрады. 

"Мен ондай хат жайында алғаш рет естіп отырмын. Тіпті ондай хат болған күннің өзінде концерт ұйымдастыру мәдениет ұйымдарымыздың құзіретіне кіреді. Халық кімді тыңдайтынын, кімді тыңдамайтынын өзі шешеді. Мен өнер, жалпы мәдениет саясаттан тыс болуы тиіс деп есептеймін", — деп жауап берді Айбек Смадияров.

Смадияров бұл мәселеде ешқандай саяси астар жоқ екенін айтты. 

Айта кетейік, осы қазан айында Алматы мен Астанада ресейлік өнер иесі  Максим Галкиннің концерті өтуі тиіс еді. Алайда екі күн бұрын Астанадағы "Қазақстан" концерт залында су желілеріне жөндеу жүргізіліп жатқаны хабарланып, барлық  концерттік ісшаралар кейінге қалдырылғаны айтылған еді.

 

 

Талқылау