Хабиб Нурмагомедов не үшін балаларын спортқа бермейтінін айтты
Әлемге әйгілі ММА шебері Хабиб Нурмагомедов балаларын не үшін аралас жекпе-жек спортына бермейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

UFC тұжырымының жеңіл салмақтағы экс-чемпионы, жеңілістің дәмін татпай кеткен Хабиб Нурмагомедов балаларын кәсіби спортқа бергісі келмейтінін, соның ішінде ММА-мен айналысқанын қаламайтынын айтты.
“Балаларым спортпен айналысады, бірақ жарыстарға қатыспайды. Олар мықты болуы үшін гимнастикамен айналысады. Ешқандай жекпе-жек түрлерімен айналыспайды. Мен өзім төбелесуді білемін, керек болса, оларды өзім қорғаймын. Оларға төбелесудің керегі жоқ", - деді Хабиб Нурмагомедов.
Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов 2020 жылы спорттық мансабын аяқтаған еді. Ол шаршы алаңда 29 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді

