Гуманитарлық университеттерде "Абайтану" оқытылады
Абайтану Қазақстандағы гуманитарлық пәндерді оқу кезінде міндетті курс болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев абайтану бойынша оқулық пен хрестоматия дайындауды тапсырды.
Еске сала кетейік, 2020 жылғы 10 тамызда еліміз алғаш рет Абай күнін атап өтті. Ұлы қазақ ақыны, ағартушы және қоғам қайраткері 175 жыл бұрын осы күні дүниеге келген.
ҚР үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып жарияланды және мерекелер күнтізбесіне енгізілгені хабарланған еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған