Гуманитарлық көмек деп алдаған: 400 миллион теңгенің дәрілік затын экспорттаған компания кеден қызметін алдап соқты
Гуманитарлық көмек деп, кеден қызметін алдап соққан. 400 миллион теңгенің дәрілік затын экспорттаған компания салық төлемеу үшін осындай қулыққа барған. Айласы аспай қалған компанияның экспорттаған препараттары тәркіленіп, қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды.

"Гуманитарлық көмек болып саналу үшін ол сол мақсатта алып келіп, сол мақсатта тегін түрде берілуі керек болатын. Алайда ол осы жерде сатумен айналысқан, яғни пайда көрумен айналысқан. Сол арқылы ол кеден алымдарын төлеуден жалтарған. Бұл факті бойынша ҚР ҚК 236-бабымен қылмыстық іс қозғалды", - дейді бас көлік прокуратурасының аппарат басшысы Роллан Яғмусов.
Прокурорлар гуманитарлық көмек атауын бүркенген препараттардың нақты қай елден әкелінгенін айтқан жоқ. Бір анығы, сол арқылы пысық кәсіпкер 40 миллион теңгеден астам салықтан жалтармақ болған.
Тағы бір айлакер бизнесмен жалпы құны 140 миллион теңгеден асатын қорғаныш костюмдерін шекарадан заңсыз асыруға тырысқан. Ол да қолға түсіп, бостандығы бір жарым жылға шектелді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі