Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова: Қыз бала жағдайыңның бәрін жасап, жан-жақты қамтамасыз етеді

Жұлдызды ел алдына шығарғаннан кейін отбасы туралы жиі сөз қозғай бастаған Гүлзира Айдарбекова келіндерінің өзін қалай күтетінін айтып мақтанды, деп жазады Stan.kz.

Продюсер Гүлзира Айдарбекова келіндерінен көретін құрметі ерекше екенін жасырмады. Ұл балаға бәрін өзің жасап беруге тура келеді деген продюсер қыздың уайымшыл әрі ұдайы қамқор болатынын айтты.

«Қызыңның болғаны қандай жақсы еді деп қоямын ішімнен. Ер балаға бәрін дайындап, ескертіп, оған қоса, қадағалауың керек. Ал қыз бала өзі уайымдайды. «Мама, кешігіп қалмайық. Шайыңызды ішіп алыңыз. Бал қосып ішесіз бе, сүт қосып ішесіз бе?» – деп жағдайыңды жасаумен қатар, жан-жақты қамтамасыз етеді екен. Кешеден бері екі келінім құрақ ұшып күтіп жатыр. Дәмді астарын дайындап, тәтті шайын берді. Бізге осы жылы қабақ танытқандарынан артық бақыт бар ма?

Айгерім келмес бұрын Жұлдызым бөлек тұрғанына қарамастан, уайымдап, уақыт тауып өзі шығарып салып әлек болатын. Мінекей, енді ол да генерал келін болды. Занғарым үйленгенше Айгерімім бар қызметті қолына алып жатқаны ғой. Үйренгені өздеріне жақсы, жасағаны бізге жақсы. Ертең ұрпағы қуантсын!» – деп жазды продюсер Instagram желісіндегі парақшасында.

Оқи отырыңыз:

Жазира Байырбекова: Ұлымның сүйіктісімен танысуға дайын емеспін

Ұлының денсаулығына алаңдап, дем салған Майғазиевтің анасы көпшіліктің жүрегін елжіретті

Әли Оқапов Ақбота-Нұрмен жақын қарым-қатынаста болғанын мойындады

Белгілі журналист: Мен Мақпал Жүнісованың өзін әнші деп санамаймын

Талқылау