Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлының денсаулығына алаңдап, дем салған Майғазиевтің анасы көпшіліктің жүрегін елжіретті

Әнші Сәкен Майғазиев анасының әлі күнге дейін денсаулығына алаңдап, қай уақытта үйге келсе де дем салып беретінін айтты. Ақ жаулықты ананың баласына деген мейірімі мен ыстық ықыласы көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп жазады Stan.kz.

Сәкен Майғазиев анасының өз денсаулығы үшін алаңдап, үнемі дем салып беретінін айтты.

«Ақ тілекшім, ақжүректім-ау… Мейлі, түнгі 3-те кел, 4-те кел, елеңдеп, дөңбекшіп ұйықтай алмай жатады ғой. «Көктемнің «бирусы» дей ма…» деп қойып, дем салмай ұйықтатпайды. Ақ мамам да 8 наурызды болдыра алмай жүр», – деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

 

Ал желі қолданушылары осындай абзал да мейірімді анасы бар әншінің бақытты екенін айтып, ғұмыры ұзақ болуын тіледі. «Сіздің осылай жарқырап жүргеніңіз анаңыздың дұғасының арқасы ғой. Анаңыз аман болсын!», «Қандай керемет көрініс! Ананың алақынына не жетсін, шіркін?! Анаңызға Алла қуат берсін!», «Сіздей ұлды дүниеге әкелген ана бақытты ғой. Ұзақ жасасын!», – деп жазды желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:

Әли Оқапов Ақбота-Нұрмен жақын қарым-қатынаста болғанын мойындады

Белгілі журналист: Мен Мақпал Жүнісованың өзін әнші деп санамаймын

Өлтіріп кетеміз деді: “Беш” клипінен кейін әлдекімдер Әли Оқаповқа сес көрсеткен

Айсәуле Бақытбек “Махаббат бекеті-2” фильміне түсуі мүмкін

Талқылау