Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек “Махаббат бекеті-2” фильміне түсуі мүмкін

Таяуда ғана «Махаббат бекетінің» жалғасын түсіретіні туралы ресми түрде хабарлаған Баян бүгінде актерлық құрамды да ойластырып жатыр. Продюсердің сөзінше, әйгілі картинада өз қызы Айсәуле Бақытбектің де бой көрсетуі мүмкін екен.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Баянның тұңғышы үшін түсірілім алаңы таңсық емес. Айсәуле анасының жобаларында талай мәрте бой көрсеткен. Ал 22 жастағы ару «Махаббат бекетінің» екінші бөліміне түсуге ниет білдірсе, қатаң талаптардан сүрінбей өткен үміткерді продюсердің қабылдауға қарсылығы жоқ.

“Менің ойымша Айсәулені кастингке шақырып, «Махаббат бекеті-2» фильміне түсуге мүмкіндік беруге болады. Неге бағын сынап көрмеске?! Бірақ, бұл картинаға менің қызым түссе, тамыр-таныстыққа жол бергендей ой туады. Сондықтан, кәсіби актрисаның ойнағаны дұрыс сияқты”, – дейді Баян Алагөзова.

Жіберіп алмаңыз:

Ешкімнен кем болмаймын: Ерке Есмахан кино түсіретінін мәлімдеді

Салтанат Бақаева үшінші перзентін дүниеге әкелді

“Қалаулым” жобасының бас редакторы: Біз қазақ халқына қарсы әрекет жасамаймыз (видео)

Бекболат Тілеухан қазақ киносын көрсетпейтін кинотеатрларға шүйлікті

Талқылау