Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлназ Жоланова: Диванда жатып мемлекетті жамандасаң, ештеңе өзгермейді

Гүлназ Жоланова Қазақстанның әлемдегі орнына, елдің жағдайына қатысты пікір білдірді. Актрисаның бағалауы бойынша, елімізде жағдай соншалықты жаман емес. Бұл ретте ол диванда жатып, негативті сөздер жазатындарға кеңесін айтты.


Бұл туралы ол Нұрмахан Маханұлының AdminAnon бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

Шетелге жиі саяхаттайтын Гүлназ басқа елдерді Қазақстанмен салыстыра отырып, ойын айтты.

"Бізде соншалықты нашар емес. Барған елдерімнің бәрінің плюсі де, минусы да бар. Американың да, Канаданың да, кез келген жердің... 
Әрине, біз минустарымызбен жұмыс істеуіміз керек. Аймақтарға шықсаң, жол проблемасы. Экономика жағынан, көптеген нәрсемен жұмыс істеу керек, өзгерту керек. 

Диванда жатып, жамандап отыра берсең, ештеңе де өзгермейді. Комментаторлардың өздері де жұмыс істеу керек. Бәріміз қосылып, ұмтылып, ауызбіршілікке келіп, жұмыс істесек, бәрі де жақсарады", – дейді Жоланова.


Гүлназ Жоланова: Қаласа, кез келген қыз ертең-ақ тұрмысқа шығады


Актриса өз елін жақсы көретінін атап өтті. 

"Табиғатымыз керемет, қазақы юморды жақсы көремін. Біздің тарих, бәрін алып келгенде мен өз елімді сүйемін. Сондықтан біздің елді жаман деп айта алмаймын. Кемшіліктеріміз бар, оларды білеміз. Қалай өзгерту керектігін де білеміз. Әркім өз саласының маманы болса, бәрі жақсарады", – деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ кино жұлдызы елімізде бағаланбай, шетелге барып бағы жанған әріптестеріне қатысты ойын айтты. Сөзіне қарағанда, оның түбі отбасынан басталатын тәрбиеде жатыр.

"Соңғы 2-3 жыл біз барлық жағынан трендтеміз. Біздің нарықта, шоу-бизнесте, кинода болсын, талантты адамдар өзімізде көп. Шетке шығып, істесе, күшті болады дейтін формула ғой. Үйдегілер емес, туысқандарың, алыстағы адамдар мақтаса, сенесің. 

Ал үйдегілерге онша сенбейсің, олар өтірік айтып жатқан шығар. Әрбір жеңісіміз сайын, Иманбек болсын, басқа болсын, халықтың өзін-өзі бағалауы көтеріліп жатыр. Біз осылай істей алады екенбіз ғой, бізде бір қан, генетикамыз бір, демек, менің де қолымнан келеді деп әркім әр жақтан бастап жатыр. Бұл қазір болып жатқан өте жақсы үрдіс. Мақтанасың, өзіңе сене бастайсың. Қазір ТМД-да қазақтар, ал әлемде азиялықтар трендте", – деп қуанды Гүлназ.  

Талқылау