AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлнәр Кәрімованың шетелдегі 130 миллион доллары Өзбекстанға қайтарылады

Өзбекстанның экс-президенті Ислам Кәрімовтің қызы Гүлнәр Кәрімованың 131 миллион доллар көлеміндегі қаражаты БҰҰ-ның көпжақты траст қорын құру арқылы Швейцариядан отанына қайтарылуға дайын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Өзбекстан әділет министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Биылғы жылдың 15 ақпанында Швейцария мен Өзбекстан біршама келіссөздер жүргізді, оның барысында екі делегация Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа көпжақты трасттық қорын құру туралы келісімге келді. Қор қылмыстық процесте түпкілікті тәркіленген активтерді өндіріп алуға қолданылатын болады. Қазіргі уақытта шамамен 131 миллион доллар қайтаруға дайын тұр", – делінген әділет министрлігінің БАҚ-қа берген мәліметінде.

Ведомствоның хабарлауынша, қор өз қызметін Швейцария мен Өзбекстан арасында реституция туралы заңдық күші бар келісімге қол қойылғаннан кейін бастайды.

"Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының Өзбекстанға арналған тұрақты даму ынтымақтастығы негізіне сәйкес жобаларға ресурстарды бөледі (UNSDCF). Барлық жобалар БҰҰ жүйесінің ережелері мен негіздері бойынша бақыланатын болады. Азаматтық қоғам ұйымдары кеңесші рөлін атқарады", - деп атап өтті баспасөз қызметі.



"Өзбекстанның мемлекеттік органдары Швейцарияның, АҚШ-тың, Францияның, Ресей Федерациясының және басқа да елдердің құзырлы органдарымен Кәрімова мен оның сыбайластарының қылмыстық әрекеті нәтижесінде алынған заңсыз тәркіленген активтерін қайтару бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Жақында Өзбекстанға Франциядан 10 миллион доллар қайтарылды", – деп қосты әділет министрлігі.

Баспасөз қызметінде атап өтілгендей, қайтарылған қаражат халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін әлеуметтік салаға бағытталады.

Еске салайық, Гүлнәп Кәрімова 2015 жылы тамызда бопсалау және салық төлеуден жалтару үшін айыпты деп танылып, 2017 жылы 18 желтоқсанда тағы бір іс бойынша он жылға бас бостандығынан айырылған. 2020 жылдың 18 наурызында сот жаңа қылмыстық іс бойынша оның бас бостандығынан айыру мерзімін 13 жыл төрт айға дейін ұзартты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр