Түркіменстан президентіне үміткер ретінде Бердімұхамедовтың жалғыз ұлы ұсынылды
Дүйсенбі күні Түркіменстан демократиялық партиясының тоғызыншы кезектен тыс съезі премьер-министрдің орынбасары Сердар Бердімұхамедовты, қазіргі мемлекет басшысының ұлы Гурбангулы Бердімұхамедовты сайлауда Түрікменстан президенттігіне кандидат етіп ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сайлау елде 12 наурызда өтеді, деп жазады РИА Новости @salamnews_rus түрікмен сайтына сілтеме жасап.
"Бүгін Түрікменстанның қоғамдық ұйымдарының орталығында Түркіменстан Демократиялық партиясының кезектен тыс IX съезі өтті. Оның күн тәртібіне сәйкес, Түркіменстан президенті лауазымына Түркіменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Гурбангулыұлы Бердімұхамедовтың кандидатурасы ұсынылды", – делінген хабарламада.
Сердар Бердімұхамедов – Түркіменстанның екінші және қазіргі президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың жалғыз ұлы. Ол 1981 жылы 22 қыркүйекте дүниеге келген, отбасылы.
Айта кетейік ,бұған дейін сарапшылар БАҚ-қа 40 жастағы Сердар өз отанында және көрші елдерде әкесінің орнына мұрагер ретінде қабылданатынын мәлімдеді.
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”
"Том Хардиге ұқсаймын": Желіде жарияланған бір ғана жазба қазақстандық қарапайым сатушының өмірін қалай өзгертті
6 миллион қаралымнан кейін Телжанға көптеген компаниялардан ұсыныстар түскен