Солтүстік Қазақстанда қоныс аударушыларға арнап салынған жаңа үйлер сүріліп жатыр (видео)
Солтүстік Қазақстан облысында елдің оңтүстік өңірлерінен қоныс аударған азаматтарға арнап бірнеше жыл бұрын салынған үйлер сүріліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ғимараттарды бұзу сәті түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде тарады. Видеода Шал ақын ауданының Сергеевка қаласындағы Қадыралин көшесінің тұрғына үйлердің бұзылуынан кейін қалған қоқысты көрсетіп, жағдайға наразылығын білдірген.
Белгілі болғандай, жаңадан салынған үйлер көп ұзамай апатты жағдайда деп танылған. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, олар пайдалануға берілгеннен бері ешкім тұрмаған.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өңірге қоныс аударған кейбір азаматтар баспана алып, алайда өздеріне арнап салынған үйлерге көшіп бармаған.
Сонымен қатар, бұл үйлерге баспана сұраған жергілікті тұрғындар да орналастырылмаған.
Еске салсақ, бұған дейін депутат құрылыс салушыларға жаңа талаптар ұсынғаны туралы жазған едік.
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"
Шетелден көлік әкелуге қатысты заң өзгерді: Қазақстандықтар нені білуі керек
Қыркүйекте көлік экспорты туралы заң шыққаннан кейін шетелден көлікті қалай әкелеміз?
