Грузия билігі ресейліктер үшін шекараны жабуды ұсынды
24 қыркүйектегі жағдай бойынша Грузия мен Ресей шекарасында 2,3 мың көлік жиналған. Бұл жағдайға байланысты парламент депутаты Нона Мамулашвили Ресейден келетін ер адамдар үшін шекараны 26 қыркүйектен бастап жабуды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Газета.ru басылымына сілтеме жасап.

Депутат шекарадағы жағдайға байланысты биліктің еш шара қабылдамағанын мәлімдеді.
Кейін Нона Мамулашвили үкіметтің шекараны 27 қыркүйектен бастап жабатынын айтқан. Шекарадан 18 бен 55 жас аралығындағы ер адамдар өте алмайды.
Айта кетейік, бұған дейін Ресейде азаматтарға Қазақстанға шығуға тыйым салына бастағаны туралы хабарлаған едік. Сонымен қатар басылым ресейлік "Озинки" және "Звериноголовское" өткізу пункттерінде берілген әскерге шақырту хаттарын да жариялады. Бұл өткізу бекеттері Қазақстанмен шекарада орналасқан.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы