Грэмми алған Иманбектің атына көше мен мектеп беру ұсынылды
Экономист Арман Байғанов мектепке немесе көшеге Иманбек Зейкеновтің есімін беруді ұсынды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстандықтарды жерлесіміз Иманбек Зейкеновтың жетісгі шын қуантты. Мен оның құрметіне өзі оқыған мектепке немесе көшеге Иманбектің есімін беруді ұсынамын. Біздегі көптеген атақты спортшыларымыз бен еліміздің мәдени қайраткерлері сияқты. Бұл өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі болады. Оның еңбегі мен табандылығының арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады және қазіргі уақытта әлемде адами капитал ең жоғары бағаланады", - деп жазды қаржы кеңесшісі.
Еске сала кетсек, Иманбек Зейкенов Грэмми сыйлығын Best Remixed Recording санаты бойынша жеңіп алған болатын.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?