Google қолданушыларды заңсыз бақылайды деп айыпталды
Google өз пайдаланушыларына заңсыз бақылау жасады деп айыпталды. Business Insider басылымының мәліметтері бойынша, компания бұл функция смартфон иелерінде қосылмаған болса да, геолокация туралы деректерді алуды жалғастырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, корпорация гаджет өндірушілерін Android пайдаланушыларынан құпиялылық параметрлерін жасыруға мәжбүрледі.
Еске салсақ, былтыр мамыр айында Аризона штатының Бас прокуроры Марк Брнович Google-ді пайдаланушылардың орналасқан жерін заңсыз бақылағаны үшін айыптады.
Google компаниясы жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме бермеген.
Айта кетейік, Google-ге қарсы іс 2020 жылы Аризона Бас прокуратурасының бастамасымен басталған еді. Google өз аккаунттарындағы тиісті функцияларды өшірген кезде де пайдаланушылардың деректерін заңсыз жинады деп айыпталып отыр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”