Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкиннің соққысы жойқын: Мартиросян «Канелоға» қашып кетуге кеңес берді

Ванес Мартиросян қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен жеңілгеніне өкінбейтінін айтты.

Головкиннің соққысы жойқын: Мартиросян «Канелоға» қашып кетуге кеңес берді

Бұл туралы Vesti.kz. басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Америкалық боксшы Мартиросян Головкинге деген асқан құрметін білдіріп, өз командасы мен жанкүйерлеріне көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.

Өз сөзінде ол Головкиннің соққысы жойқын екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Мартиросян Сауль Альвареске GGG-нің командасы мен жанкүйерлері үміттеніп жүрген қарымта кездесуден қашуға кеңес берді.

Естеріңізге сала кетсек, Мартиросян қазақстандық боксшымен жекпе-жекке шыққаннан кейін «Канелоның» неліктен допинг қосылған ет жегенін түсінетінін айтқан еді.

Оқи отырыңыз:

Головкин жыл соңына дейін неше жекпе-жек өткізгісі келетіні белгілі болды

Головкин Деревянченкомен жекпе-жегінің уақытын тағы да шегеруді сұрады

Йога, фитнес және бокс. Қазақстандық министрлер қандай спортпен айналысады?

Головкиннің бапкері боксшының алдағы жекпе-жекте қарсыласы кім болатынын айтты

Талқылау