Головкиннің міндетті қарсыласы анықталды
Орта салмақта Геннадий Головкинге тиесілі IBF чемпиондық белбеуіне міндетті үміткер анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао канадалық Патрис Вольниді жеңген соң чемпиондық атаққа үміткер атанды. Жекпе-жек Top Rank бокс кешінің аясында Лас-Вегаста өткен. Алтыншы раунда боксшылар соқтығысып, Фаькао ауыр жарақат алған. Нәтижесінше төрешілер жеңісті бразилиялық спортшыға берді.
Айта кетейік дәл осы бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы да кездесу өткізіп, бұрынғы чемпион Хассан Н'Дам Н'Жикамды жеңген еді.
Кештің басты жекпе-жегі Теренс Кроуфорд (37-0, 28 КО) пен Шон Портер (31-3-1, 17) арасындағы кездесу болды.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген