Головкин мен Шеремета жекпе-жегінің толық нұсқасы (видео)
Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Геннадий Головкин бүгін польшалық бокшсы Камил Шереметамен жекпе-жекте IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы титулын қорғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жекпе-жек АҚШ-тың Флорида штатының Холливуд қаласындағы Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтті. GGG техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Шереметаның командасы оны сегізінші раундқа шығарған жоқ.
Айта кетейік, бұл жекпе-жек Геннадий үшін рекордты, орта дивизиондағы чемпиондық белдіктердің 21-ші рет қорғауы болды.
Геннадийдің қоржынында 41 жеңіс (оның 36-сы нокаутпен), бір жеңіліс және бір тең ойын. Шеремета үшін Головкиннен жеңіліс кәсіби деңгейде дебютті болды. Бұған дейін ол 21 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетіп, оның бесеуін мерзімінен бұрын аяқтады.
Геннадий Головкин — Камил Шереметтің жекпе-жегінің толық видеосын назарларыңызға ұсынамыз:
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”