Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин-Альварес жекпе-жегін алты айдан кейін өткізуді ұсынды

Boxingnews24.com сайтының журналисті Крис Уильямс Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33) Саул Альварестің (49-1-2, 34 КО) алдағы болатын екінші жекпе-жегі туралы айтты.

Ол мексикалық боксшының оң допинг сынағына байланысты, реваншы бұл мәселе толық шешілгеннен кейін өткізу керек деп отыр. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Невада атлетикалық комиссиясы Канелоны кінәсіз деп таныса да, кленбутеролдан пайда болмайтынына көз жеткізу үшін екі боксшы арасындағы реваншты  жаздың соңына дейін кейінге қалдыру керек. Менің ойымша  бәрі әділетті болу үшін осылай жасаған дұрыс. Сонымен қатар, Канело осы сәттен бастап жазға дейін немесе қыркүйекке дейін үнемі допинг-сынамадан өтіп тұруы тиіс. Егер ол қазірден бастап сынақ тапсыра бастаса, онда ол осы кленбутеролдың сегіз апталық циклін бастай алмайды. Қазір ол Головкиннен әлеуетті артықшылыққа ие болуы мүмкін. Сондықтан препараттың іздері толығымен жойылып кетуін қамтамасыз ету үшін реванш  төрт немесе алты айға кейінге қалдырылуы тиіс. Головкин Канелоны лагерьге дейін тексеруді  талап етуі керек. Сол кезде ғана  допинг қолданған алаяқпен күреспейтініне сенімді болады. Бұл ұсынысты тастау себебім-екі спортшының арасындағы жекпе-жектің таза өткенін қалаймын»,-дейді  автор.

Айта кетейік, қазақстандық былғары қолғап шебері Головкин мен мексикалық боксшы Канелоның арасындағы кезекті жекпе-жек ағымдағы жылдың  5 мамырында Лас-Вегаста  өтіледі деп бекітілген.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанның Олимпиада комитеті 2026 жылғы ойындарды өткізу ойынан бас тартты

Қазақстандық боксшы Иван Дычконың қарсыласы белгілі болды

Әйелдер арасындағы GGG:  Қазақ қызы АҚШ-та өткен алғашқы жекпе-жегінде қарсыласымен тең түсті

Боксшы Арман Рысбек кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Талқылау