Головкин 30 нокауты бар экс-чемпионмен жекпе-жек өткізуге арналған келісімшартқа қол қоюдан бас тартты
Головкин WBO нұсқасы бойынша бұрынғы чемпион Хайме Мунгиимен (37-0, 30 КО) жекпе-жек өткізбеу себебі аталды. Мунгиидің промоутері Фернандо Бельтранның айтуынша, Генадий Головкин (41-1-1, 36КО) келісімшартқа қол қоймаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

"Біз барлық құжаттарға қол қойдық. Мұнда Головкин келісімшартқа қол қоймады. Ол Жапонияға барып, суши жеуді жөн деп санады. Бұл жекпе-жектің өтуін қалаған едік. Тіпті Хайме чемпион атанбай тұрып та кездесудің өткенін қалаған болатынбыз. Хаймеде Головкинге қарсы "қару" бар, тіпті оны нокаутқа жіберуі де мүмкін. Сондықтан біз Головкинді таңдадық", – деп мәлімдеді берді Фернандо.
Қазақстандық таеквондошы қатарынан екі халықаралық жарыста алтын жеңіп алды
Айта кетейік, Мунгия 13 қарашада Габриэль Росадомен жекпе-жек өткізеді. Ал Генадий Головкин WBA Super нұсқасы бойынша чемпион Риото Муратамен Жапонияда жұдырықтасады.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"