Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Головкин - жақсы бизнес көзі": "Канело" үшінші жекпе-жекке келісті

"Канело" Сауль Альварес Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегіне қатысты тағы да пікірін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ggg

"Мен бұл туралы жекпе-жек алдында айтқанмын, тағы да қайталаймын: қазір мен үшін Головкинмен жекпе-жектің еш мәні жоқ. Біз екі рет күш сынастық, 24 раунд өткіздік. Мен оны жеңдім, сондықтан ол енді мен үшін қарсылас емес. Бірақ Головкин - жақсы бизнес көзі. Егер олар маған жақсы ұсыныспен келсе, біз үшінші жекпе-жек өткіземіз", - дейді Альварес Boxingnews24 басылымына берген сұхбатында.

Атағы айды білеген екі боксшы Лас-Вегаста екі рет жұдырық түйістірген еді. 2017 жылдың қыркүйек айында өткен олардың алғашқы жекпе-жегі тең болса, бір жылдан кейінгі кездесуде мексикандық боксшы басым түскен еді.

Айта кетейік, Альварес қыркүйек айында GGG-мен жекпе-жекке қарсы екен айтқан еді. Оның орнына 2 қараша күні Лас-Вегаста төртінші салмақ категориясын бағындыруға тырысады - WBO чемпионы ресейлік жартылай тартыс Сергей Ковалевпен жұдырықтасады.

Талқылау