Голливуд актері Уилл Смит қазақстандық блогердің видеосын парақшасында бөлісті
Әлемге әйгілі киножұлдыз Уилл Смит отандық блогер Елдос Сансызбаевтың видеосын жеке парақшасында бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/willsmith/
Жерлесіміздің видеосын актердің 68 миллион оқырманы көрді. Блогер актердің киносынан үзінді жариялап, қолдайтынын жеткізген. Дүниежүзіне танымал өнер иесінің парақшасына шыққан желі жұлдызы қуанышын жасыра алмады.
“Әлі шок болып отырмын. Бұл мақтану ретінде айту емес. Өзіме тарих, естелік ретінде сақтап қою үшін айтып, видео салып жатырмын", – деді Елдос Сансызбаев.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, блогермен қоса қуанып жатыр.
“Бурак Озчевит менің постыма репост жасағанда дәл сіздей қуанғанмын”, “Қазақ-американ бір туған деген осы шығар?!”, “Димаш сторисімді қарағанда қатты қуандым”, “Уилл де дәл сіздей қуанып жатыр”, – деп жазып жатыр желі қолданушылары.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған