Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал актер әйеліне көңілдес тауып алуға рұқсатын берді

Әлемдік кино жұлдыз Уилл Смит әйеліне көңілдесімен бірге болуға рұқсатын берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші Аугуст Алсина американдық актер Уилл Смиттің әйелі Джад  Пинкетт-Смит ұзақ уақыт бойы кездесіп, көңіл жарастырып жүргенін мойындады. Алайда бұл жағдай Уилл Смитті ренжітпегенге ұқсайды, ол әйелінің көңілдесімен бір болуына өз келісімін берген. Өйткені, актер әйелімен еркін қатынаста екен. 

27 жастағы Аугуст Алсинаның айтуынша, Смиттің әйелімен 2015 жылы Джейден таныстырған. Содан бері екеуінің арасында ерекше сезім оты пайда болып, жұптары жазылмаған. Алсинаның айтуынша, Уилл Смит әйелімен еркін қатынаста болған соң, бұл қарым-қатынасқа өз батасын берген.

Әнші бұл қарым-қатынас пиар үшін емес, шынайы махаббатқа құрылған деп мойындады. "Мен онымен бір болу үшін көп жылымды сарп еттім, мен оны шын сүйемін", - деді әнші.

Дегенмен, Джад Пинкетт-Смит әншінің бұл мәлімдемесін жоққа шығарды. Деседе Алсина өз дегенінен қайтпай тұр. Оның пікірінше, бұл ақпаратты көптен бері бөлісу керек еді. Өйткені жұрт Уилл Смиттің әйелімен жүреді деп көптен күдіктенген екен. Алсина Уилл Смит пен оның жұбайын шошытып алмас үшін ашық сұқбат берер алдында арнайы ескерткенін айтады.

Талқылау