Германия оқушыларды мешітке баруға міндеттеді
Өткен аптада Германияның Киль қаласында баласын мешітке жібермеген ата-ана мен мектеп арасында дау туындады. Ата-анаға өз баласын жергілікті мешітке танымдық мақсаттағы экскурсияға жібермегені үшін 300 еуро айыппұл салынды.

Бұл туралы islam.kz хабарлайды.
Қысқа мерзімді уақытта олар сот алдында жауапқа тартылған. Киль қаласының Білім департаменті оларға мектеп бағдарламасына сәйкес оқушылар мешітке баруға тиіс деп бұйрық шығарған.
Сонымен қатар, құжатта балалардың құрбы-құрдастары мұсылман ғибадатханасында саяхаттап жүргенде олардың сыныпта немесе үйде отыруына болмайды деп көрсетілген. Департамент өкілдері балаларға Ислам және мұсылмандар әлемі жайлы дұрыс түсінік қалыптастыру үшін мешітке саяхатты жоспарланғанын айтып өтті.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады