Газа секторында шабуыл салдарынан мерт болғандар саны мыңнан асты
Газа секторында Израильдің шабуылдарынан қаза тапқандар саны 1055-ке дейін өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Газа секторында шабуыл салдарынан 5184 адам жарақат алды.
Израиль армиясының мәліметі бойынша, Израильде исламшылдардың шабуылынан кем дегенде 1200 адам қаза тауып, 2800 адам жарақат алған.
Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыстың күшеюі 7 қазанда таңертең басталды. Еліміздің Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына мәлімдеме жасады. Түрік оппозициясы мен Иран парламенті Израиль мен Палестинаның арасындағы әскери қақтығыста Палестинаны қолдады.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”