Газ құбырында болған апат салдарынан Шымкент тұрғындары газсыз қалды
Мәртөбе елді мекенінде жоғары қысымды газ құбырынан газ шығыны анықталды. Апат салдарынан 1500 жеке тұтынушы мен 7 кәсіпорынға газ беру тоқтатылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы техникалар мен 30 қол күші жұмылдырылып, жұмыс қарқынды түрде жүргізілуде”, –делінген әкімдіктің хабарламасында.
- Шымкентте белгісіз ер адам көптің көзінше әйелді соққыға жықты
- Шымкентте Сирияға кетпек болған радикал ұсталды
Әкімдік шымкенттіктерден газ құбырларының крандарын жабуды, газ иісі сезілсе, төтенше жағдайлар министрлігіне хабар беруді сұрайды.
Бұған дейін Шымкентте ер адам қыз алып қашқаны үшін 12 жылға сотталу алдында тұрғаны хабарланған. Мұндай қылмысты жасағаны үшін кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, оларға қатысты жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"
