Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте белгісіз ер адам көптің көзінше әйелді соққыға жықты

Әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның дәмхана қызметкерін ұрып-соққан видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Оқиға 25 қаңтар күні болған. Жәбірленушінің айтуынша, бір топ ер адам дәмханаға телефон сату үшін кірген. Қызметкер олардан дәмханадан шығуын сұрағанда, агрессиямен жауап беріп, тіпті ұрып-соғып кеткен. 

Жәбірленуші болған жағдайды айтып, полицияның көмегіне жүгінген. Алайда олар ер адамды қатаң жазаламайтынын, тек 10 тәулікке қамауға алатынын айтқан. Сондай-ақ қыздың айтуынша, кінәлі тарап өтемақы төлемеген. 

“Денем көгеріп қалды, жарақаттар да бар. Бірақ учаскелік полиция істі жауып тастағысы келеді. Мені ұрған адам учаскелік полицияның танысы болып шықты. Сол себепті оны қорғаштап тұр”, – дейді жәбірленуші.

Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметі қазір аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Полиция жәбірленушінің жарақаттары қаншалықты ауыр екенін анықталғаннан кейін барлық қажет шара қабылданатынын айтты.

Талқылау