Газ бақылауға алынады: Мәжіліс газды үнемдеп тұтыну туралы заң жобасын қабылдады

Қазақстанда газбен жабдықтау саласына мемлекеттік бақылау күшейтіледі. Бірыңғай газбен жабдықтау жүйесі ұлттық оператордың қарамағына өтеді. Мәжіліс тауарлық газды үнемдеп тұтыну және газбен жабдықтау мәселелері туралы заң жобасын екінші оқылымда қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құжат газ инфрақұрылымын басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған. Заңға сәйкес, бюджет қаражаты есебінен салынған бірыңғай газбен жабдықтау жүйесінің нысандары жергілікті атқарушы органдардан ұлттық операторға тегін беріледі.
Енді газ нысандарын салу немесе жөндеу жобалары ұлттық оператордың келісімінен өтеді. Сонымен қатар ол құрылыс жұмыстарының қалай жүріп жатқанын бақылап отырады.
Бұдан бөлек, газ тарату ұйымдарын магистральді газ құбырларына қосуға қойылатын талаптар бекітіледі.Бір газ тарату жүйесі арқылы бірнеше ұйымның қатар газ тасымалдауына тыйым салынады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ЖЭО-лардың миллиардтаған қарызына байланысты газ тарифтері көтерілетіні туралы жазған едік.
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек
Қазақстан оған тек спорттық мүмкіндік берген мекен емес, жүрегіне жақын елге айналған
"Әрқайсысына 150 миллион теңгеден": Елдегі ұлттық компаниялар 2025 жылы басшыларына қанша сыйақы төлеген
Бағдат Мусин басқаратын Қазақтелекомда жалпы сыйақы көлемі 752,3 миллион теңге болған
Оқыңыз