Ғалымдар жүрекке пайдалы сусынды атады
Ғалымдар ұзақ уақыттан бері көк шай ішетін адамдарда жүрек ауруы сирек кездесетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оңтүстік Уэльс университетінің ғалымдары көк шайды жүрек саулығына арналған шай деп атады. Зерттеу кезінде бұл сусынды ішу жүрек-қан тамырлары дертінен көз жұму қаупін 19% азайтатыны анықталған. Мамандардың айтуынша, кофе де жүрекке пайдалы, бірақ көбіне ер адамдар үшін екен.
Көк шай құрамындағы полифенол күшті антиоксидант қызметін атқарады: қанды зиянды молекулалардан тазартып, жасушаның зақымдалуын тоқтатады. Сонымен қатар зат алмасуды жақсартады.
Диетолог Кэрри Ракстон күніне бір рет қосымша көк шай ішу жүрек ауруынан мерзімін бұру көз жұму қаупін 4 пайызға азайтатынын мәлімдеді. Сондықтан бала кезден көк шай ішу керек дейді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар