Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар коронавирустың жаңа тасымалдаушысын анықтады

Кипрдегі Никосия университетінің зерттеушілері коронавирус ауада ағаш тозаңы арқылы таралуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Ғалымдар әртүрлі бөлшектердің вирустың таралуына қалай әсер ететінін анықтау үшін эксперимент жүргізді. COVID-19 ошақтары мен ауадағы тозаң концентрациясы арасында байланыс бар екені анықталды.

Мамандар ағаштың компьютерлік моделін жасап, оның тозаңының таралуын модельдеді. Деректерді талдағаннан кейін олар тозаң вирус бөлшектеріне үлкен қашықтықты жеңуге көмектеседі деген қорытындыға келді. Жеңіл желмен тозаң минутына 20 метрге дейін ұшып, көптеген адамдар арқылы вирус бөлшектерін тасымалдай алды.

Аллергендердің ұлттық картасын тексерген кезде, олар ауадағы тозаң концентрациясы жоғары жерлерде инфекцияның көбірек тіркелгенін анықтады.

Ғалымдардың пікірінше, вирустың тозаң арқылы таралу жағдайында қабылданған екі метрлік әлеуметтік арақашықтық жеткіліксіз болуы мүмкін. 

Талқылау