Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар коронавирустың үш жаңа белгісін анықтады

Коронавирусты инфекция салдарынан бұлшықеті ауырып, адам шаршаңқы күйге түседі және аяғында су жаралар пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Британдық ғалымдар коронавирустың бұрын науқастар ескермеген үш жаңа белгісі туралы хабарлады. Сондай-ақ, бұл құжатта иіс пен дәмнің жоғалуы, температураның жоғарылауы, кеудедегі ауырсыну, бұлшықет ауруы, қарлыққан дауыс, диарея, әлсіздік, аяқтардағы көпіршіктер, бет пен мойындағы қызыл іздер көрсетілген - бұл белгілердің барлығы аурудың бірінші аптасында науқастың бойында байқалуы болуы мүмкін.

Олар бұл белгілерді ресми тізімге қосуды жоспарламайды, себебі бұл аурудың диагнозын қиындатады. Сарапшылар түсіндіргендей, бұл тестілеу жүйесіне жүктемені ұлғайтуға және оның дәлдігін 95-тен 19 пайызға дейін төмендетеді. Сондықтан аурудың негізгі белгілері - бұл дененің қызуы, иіс сезу қабілетінің жоғалуы және құрғақ жөтел.

Ғалымдар британдық билікке инфекцияның одан әрі таралуына қарсы күрестің жаңа әдісін ұсынды: адамдарға теледидар бағдарламалары мен ойындарға тегін қолжетімділік беру, сондай-ақ оларды тамақпен қамтамасыз ету жеткілікті, дейді мамандар.

Белгілі болғандай, қазір сауалнамаға қатысқан британдықтардың тек 20 пайызы ғана аурудың белгілерімен өзін-өзі оқшаулауға дайын.

Құжаттың соңғы бөлімінде коронавирустық инфекцияға ең сезімтал халық топтары да келтірілді. Бұл жолы олардың қатарына үй шаруасындағы әйелдер кірді.

Дәрігерлердің қорытындысы бойынша үйде тазалық жұмыстарын жүргізіп, отбасы мүшелерінің киімдерін қолмен жуатын әйелдер коронавирусты жұқтырады, өйткені вирус киімдерде үш күнге дейін өмір сүре алады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр