Ғалымдар коронавирусты жоюға қабілетті робот жасап шығарды
Бахрейнде микроорганизмдерді, соның ішінде коронавирусты жоюға қабілетті робот жасалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Daily Mail басылымының хабарлауынша, он екі тілде сөйлейтін және дауыс командаларына жауап беретін робот бет-әлпетті тану технологиясын қолдана алады және дене температурасын өлшейді.
Робот қысқа толқын ультракүлгін сәулеленуі арқылы вирусқа әсер етеді. Жарты сағат ішінде олар барлық микроорганизмдердің тоқсан пайызын өлтіреді. Робот олардың мембранасын бұзады, нәтижесінде ағзалардың ДНҚ-сы ыдырайды
Бұл ретте өңдеу кезінде адамдар үй ішінде болмауы керек, өйткені құрылғыдан шыққан жарық адам жасушаларына зақым келтіруі мүмкін.
Шығыс Англия университетінде жұмыс істейтін Пол Хантердің айтуынша, ультракүлгін көптеген вирустарды жоя алады, сондықтан ультракүлгін сәулелер коронавирусты өлтіретініне таңқалудың қажет жоқ.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді