Ғалымдар көңіл-күйді жақсартатын жемісті атады
Күнделікті киви жеу төрт күн ішінде С витаминінің деңгейі төмен адамдардың көңіл-күйін көтереді. Отаго университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі British Journal of Nutrition (BJN) басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ru.wallpaper.mob.org
Сегіз аптаға созылған зерттеуге С дәрумені деңгейі төмен 155 ересек пациент қатысты. Олар витаминдік қоспаларды, плацебоқабылдап, күн сайын екі киви жеген.
Бұл жеміс бар болғаны төрт күннің ішінде адамдардың көңіл-күйін жақсартты. Максималды әсер 14-16 күнде байқалды.
Сарапшылардың пікірінше, зерттеу нәтижелері адамдарға өздерінің психикалық әл-ауқатын қолдаудың тиімді және қолжетімді әдісін көрсетеді.
Айта кетейік, бұған дейін Маман қысқа толқынды пеште жылытуға болмайтын 5 өнімді атаған еді.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді