Ғалымдар COVID-ке қарсы дәріні неден жасауға болатынын анықтады
АҚШ-тағы Питтсбург Университетінің Медицина мектебінің мамандары лама денесінен коронавирусқа қарсы антиденелердің күшті фрагменттерін бөліп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Science журналына сілтеме жасап.

Жұмыс ламаның оған енгізілген SARS-CoV-2 вирусының "шип" ақуызына реакциясын зерттеуге негізделген. Ғалымдар вирустың Лама ағзасына енуінен екі ай өткен соң, оның иммундық жүйесі SARS-CoV-2-ге қарсы жетілген наноденелер шығара бастағанын анықтады.
Әрі қарай ғалымдар SARS-CoV-2-мен ең көп байланысатын наноденелерді анықтады. Олар ламаның басқа антиденелеріне қарағанда тиімді.
"Наноденелер" деп аталатын лама антиденелері адамның антиденелерінен айтарлықтай аз және коронавирусты бейтараптандыруда жақсы. Сонымен қатар, олар тұрақтылықпен сипатталады. Болашақта оларды COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жасау үшін қолдануға болады.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі