Гаитиде банда мүшелері полиция мен президент сарайына шабуыл жасады
Гаитиде қарулы банда мүшелері елде сайлаудың өтуіне қарсы шығып, премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етті. Қылмыскерлер полиция мен президент сарайына шабуыл жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: AP Photo / Odelyn Joseph
БАҚ мәліметінше қарулы банда мүшелері Порт-о-Пренса қаласындағы үкімет ғимараттарын, полиция учаскелері, ІІМ ғимараты мен президент сарайын шабуылдаған.
АВС басылымының дерегіне сәйкес, шабуыл "тез әрі ұйымдасқан түрде" жүзеге асқан. Ал жарылыс дауыстары қала бойынша естіліпті.
"Біз жағдайды бақылауға алу үшін әлі де жұмыс істейміз. Қолда бардың бәрін жасаймыз", – деді CNN-ге сұхбат бергендердің бірі.
Шабуыл кезінде бандалардың 10 мүшесі көз жұмған. Ал полиция қатарынан қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.
Еске салайық, Гаитиде бандалардың шабуылы өткен аптада басталған. Сондай-ақ екі түрмеден мыңдаған қылмыскерді босатып жіберген еді.
2024 жылғы Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген