Футзалдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде күтпеген нәтиже тіркеді
Қазақстан футзал құрамасы жолдастық кездесу аясында Вьетнамға қарсы екінші ойынды өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Матч Хошимин қаласында өтті. Бірінші таймда қазақстандықтар Ерсұлтан Сағындықов пен Нұрсұлтан Пиялының голдарының арқасында 2:0 есебімен алға шықты.
Алайда екінші таймда вьетнамдықтар есепті теңестіріп, ойын 2:2 есебімен аяқталды.
Осылайша бұл ойын нәтижесі көпшілікті таң қалдырды. Себебі Қазақстан құрамасы Вьетнамға қарсы алғашқы ойында 1:4 есебімен жеңіліс тапқан болатын. Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде 7-орында тұрса, Вьетнам — 31-орында.
Айта кетейік, бұл жолдастық кездесулер Қазақстан құрамасы үшін алдағы ресми турнирлерге дайындықтағы маңызды кезең болды. Бұған дейін Хошиминде өткен алғашқы ойын жайлы хабарлаған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

