Футзалдан Қазақстан құрамасы сенсациялық жеңіліске ұшырады
Футзалдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесу аясында Вьетнамнан тас талқан жеңілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kff.kz
Жолдастық кездесу Вьетнамның Хошимин қаласында өтті. Бұл матчта Қазақстан құрамасы анық фаворит саналған еді.
Ойынның 14-минутында Вьетнам құрамасы таблода есеп ашты. Алғашқы кезеңде тек бір гол соғылды.
Екінші кезеңде қазақстандықтар таразы басын теңестіре алды. Матчтың 33-минутында Ержан Карменов гол соқты. Одан кейін алаң иелері Қазақстан қақпасына үш гол салды. Қорытынды есеп 4:1. Осылайша Қазақстан құрамасы жеңіліс тапты.
Айта кетейік, Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) рейтингі бойынша Қазақстан құрамасы футзалдан әлемде 7-орында. Ал Вьетнам құрамасы 31-орында орналасқан.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”