Футболшы Зайнутдинов Қазақстан үшін маңызды матч – "Еуро – 2024" іріктеу кезеңіне қатыспайды
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Бахтиер Зайнутдиновтың Еуро-2024 іріктеу кезеңіне қатыспайтынын мәлімдеді. Дәрігерлер оның қанша уақытта ойынға шығуына болатынын әзірге айтпаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Спорт-Экспресс" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бешиктас" жартылай қорғаушысының Еуро – 2024 іріктеу турнирі аясында өтетін Сан-Марино мен Словенияға қарсы ойындарда ұлттық құраманың келесі матчтарына қатыспайтыны белгілі болды.
"Бақтиер алдағы матчтарда Қазақстан құрамасының сапында болмайды. Оның қашан ойынға шығатыны белгісіз. Дәрігерлер әзірге уақыт аралығын айтқан жоқ", –дейді ұлттық құрама бапкері.
Еске салсақ, "Бешиктас" тобының қазақстандық жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов Түркия чемпионатында Ыстамбұлға қарсы ойында ауыр жарақат алғанын хабарлаған едік. Ойын барысында қарсылас Джером Опокун оны шынтағымен бетінен қатты ұрып қалған. Футболшы ауруханаға жатқызылды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”