Футболдан Қазақстан құрамасы тағы да ұтылды
Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясындағы кезекті матчында жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионында төртінші ойынын өз алаңында Словенияға қарсы өткізіп, тағы да ұтылып қалды. Алматы қаласындағы “Орталық стадионда” өткен матчта Қазақстан құрамасы төртінші ойын қатарынан қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады. Алғашқы матчта Словениядан ойсырай жеңілген жерлестеріміз осы жолы да 0:1 есебімен жеңілді. Жеңіс добын 55-минутта Ян Млакар салды. Станислав Черчесов келгелі ұлттық құрама тек бір ұпай жинады.
Айта кетейік, енді Қазақстан құрамасы 14 қарашада Аустрияны қабылдаса, 17 қарашада Норвегияға қонаққа барады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

