Футболдан әлем чемпионаты: Аргентина мен Польша 1/8 финалға шықты
Аргентина мен Польша құрамалары Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңін сәтті аяқтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

С тобындағы матчтар Аргентина құрамасының жеңісінен басталды. Польша қақпасына алғашқы голды 46-минутта Алексис Макаллистер соқты. 67-минутта Хулиан Альварес екінші голды салды. Ал 38-минутта Лионель Месси пенальтиден гол соға алмады.
Нәтижесінде аргентиналықтар 6 ұпай жинап, топтық кезеңінен өтті. 1/8 финалда олар Аустралияға қарсы ойын өткізеді. Польша құрамасы топтық кезеңнің үшінші турында жеңіліп қалғанымен, 1/8 финалға жолдама алды. Құрама 4 ұпай жинаған.
Ал үш ұпайдан жинаған Сауд Арабиясы мен Мексика құрамалары жарыстан шығып қалды.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі

